Көгал – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көгал» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Көк торғын дала көкпеңбек
Көркімен тартып өзіңді.
Көбелек ұшып көлбеңдеп,
Оятып ұмыт сезімді.
Жетпейді құшақ не керек,
Құшар ем сені кең далам!
Қуар ем сені көбелек,
Бойымнан мынау ұялам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері