Қисық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қисық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 845
«Бір аяғым көрде,
Бір аяғым жерде».
Енді жәбір шекпейді
Менен ешбір пенде.
Бұл тәубесі жетеді
Бір-ақ адым жерге
Сырт айнала қастық
Жасайтыны елге.
Түзелмес-ау дейді жұрт
Түспей тұрып көрге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері