Жайлау – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жайлау» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Жайлау!
Жалғыз ғана сөз,
Мағына қанша мұндағы!
Жаз болса жылдың төресі,
Жайлау ғой жердің «ұжмағы».
Мәнісін барлап қарасаң,
Мейірбан көпшіл көңіл ғой.
Көлеңке, күні аралас
Ылдилы – өрлі өмір ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері