Тыныштықты тілеймін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2421
Көңілдің осы емес пе тасығаны,
Бақыттан айналып тұр басым әлі.
Жұмыстан шаршап келсем, балдырғаным,
Мойныма «әкелеп» кеп асылады.
Сол сәтте ұмыт болып шаршағаным,
Жұтқандай болам таза таң самалын.
Осылай сергіп қалам, тұрсадағы,
Қамалып қабағымда қаншама мұң.
Tap үйім бірден кеңіп кетеді де,
Ілесем ұшқыр қиял жетегіне.
Мен осы ойламаған шығармын-ау,
Балғын шақ басымнан тез өтеді деп.
Ал бұл кез шертіп сезім күміс қылын,
Кеудеме ұялаттым Күн ыстығын.
Ұлымды көкжиекке талпындырып,
Тілеймін жер-ананның тыныштығын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштықты тілеймін өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тыныштықты тілеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тыныштықты тілеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштықты тілеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері