Жалынды жастар

Бұл бетте «Жалынды жастар» атты Gulzinat1107 жазған жастар туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қамын ойлар болашақта жалпыңның,
Түлегенде түгі қалар жастармыз.
Түсі игіден түңілмеген халқымның,
Мағжанның да көз тіккені – мына біз.

Кемел елдің келешегі – тек жастар,
Бәсекеге қабілетті, жалынды.
Білімімен бекемді боп қол бастар,
Намысы озса, тауды бұзар арынды.

Біздің жастар жастық жалын күшімен,
Ұлтымыздың келешегін құрады.
Жар астынан жау шыққанда ісімен,
Ел қорғауға әр кез дайын тұрады.

Білім жолмен көкке өрлеп, ал тіпті,
Тірескеннің тізесін де сындырар.
Мойымастан арқалап кеп сан жүкті,
Өз елінің бақ-жұлдызын жандырар.

Жастар мықты, туса-дағы қиын күн,
Бұған тіпті жүрмек емес басқа заң.
Жастар рухты болмағанда, биыл жыл
Жастар жылы аталмас ед(і) ешқашан.

Қазақстан болу үшін мықты ел,
Бір кілт қана жеткілікті, білсеңіз.
Сол ғажап кілт тегін білер текті мен
Қолында тұр жас жандардың, көрсеңіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалынды жастар өлеңінің авторы кім?

Gulzinat1107 — осы өлеңнің авторы.

Жалынды жастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалынды жастар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жастар туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жалынды жастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер