Қайтейін менің тек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайтейін менің тек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Қайтейін менің тек
Талабым ғана бар.
Қолдайтын өзгеде
Аға бар – жаға бар.
Ағасы барларда
Құлатпас таға бар.
Биік ол дейтұғын
Ескірмес баға бар.
Бағасы өшпес қып,
Шырағын жаға алар.
Шырағы жанғанда
Асқармен барабар
Тау сынды шама бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері