Жыбыр сөз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жыбыр сөз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Жыбыр сөз өмірге орнығып
Алғалы, достар-ау қай заман!
Ойласақ, талайға тор болып,
Талайдың бақытын байлаған.
Талайды орманы, орнымен
Жыбыр сөз жер шетіне айдаған.
Талайлар қыршындай кетті ғой
Тереңнен ел қамын ойлаған.
Жыбыр сөз тасыған сұмдарға
Сөзімді шығын деп қараймын.
Жыбырға толтырып маңайын
Тыңдаған құлақты «аяймын».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері