Сақтасын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сақтасын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Ақыл-көмек алатын,
Шың басына баратын.
Өзі болып алған соң
Аяғыңнан шалатын
Жақыннан құдай сақтасын.
Көлгірсіп келіп табатын
Көмек ап қанат қағатын.
Өзі болып алған соң
Шаян болып шағатын,
Шабаланып қабатын
Достықтан құдай сақтасын.
Елім деп судай ағатын,
Шыңға солай баратын.
Өзінен өзге қадамды
Қақпан болып қабатын
Бастықтан құдай сақтасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері