Қиындық жоқ өмірде мен көрмеген – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қиындық жоқ өмірде мен көрмеген» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 890
Қиындық жоқ өмірде мен көрмеген,
Бірін жеңсем, біріне мән бермегем.
Үгітілмей, жаншылмай, қара тас боп
Қатқан талай ауырға әл келмеген.
Ондай сәтте «бас кессең, тіл кеспек жоқ»,
Ойып түсер күйдіріп боламын шоқ.
Мінездердің табамын не түрлісін
Мейірімсізбін жалынсаң, обалым жоқ.
Бұл орныққан бірге кеп жетімдікпен,
Сан алданған үміттер жетім күткен...
Ар-намыс — тек әміршім табынарым,
Сүтіменен анамның бірге біткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері