Ұлыдан ғибрат тарайды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұлыдан ғибрат тарайды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Жер көгерткен жаңбырдай
Нұр құйып көңілге арайлы.
Балғыннан Бұлан өсірер
Ұлыңнан ғибрат тарайды.
Ұлттық тағылым негізін
Ұлылар солай қалайды.
Дәстүр боп елдік орнығып,
Баурайды үрдіс маңайды.
Ұлылар айтқан ұлағат
Танығанға Таң айлы.
Көкірегі ояу, көзі от
Зерделі жанды жанайды.
Ұлағатын ұлының
Ұғынған терең жан құптар.
Абайды танып, әлемге
Танылды ӘУЕЗОВ МҰХТАР!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері