Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде,
Айналаң мұң, жан мұқалмас темір ме!
Жас қартайып, жаңа келіп, ескі өліп,
Күні ауыспас көлеңкеге өмір ме!
Төрт құбыласын түгел ғып кім ұстасын,
Адам, Хауа көрсеткен ғой нұсқасын.
Өлместі Алла, тозбасты ұста соқпайды,
Сайтан ғана сезбес өмір қысқасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері