Әділет пе тудыру сөз таласын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әділет пе тудыру сөз таласын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Әділет пе тудыру сөз таласын,
Мойындамай оянған ел санасын.
«Кимешектер кітап оқып» білімнің
Бұлағынан қанды қазақ баласы.
Нәтижесі бизнесмендер бүгінгі,
Өрге сүйреп бара жатқан жүгінді.
Іргетасы ол келер күннің көркейер
Маңдайына нарық туы тігілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері