Бағышталған «саңырау» күштілерге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бағышталған «саңырау» күштілерге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Бағышталған «саңырау» күштілерге,
Сөз қадірі құлдырап түсті жерге.
«Бас жармаса, тас жарған» қайран тілдің
Қалғаннан соң тағдыры мүскіндерге.
Заман бұлай кім білген ауысарын,
Залымдықпен сенгенін қауышарын.
Ел тағдырын шешкен сөз Бабам қойған
Өреден құлап құнын тауысарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері