Заманында нарықтың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Заманында нарықтың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Заманында нарықтың
Ар, абырой — бәрі пұл.
Пұлы болса қалтада,
Татымсызға да адам құл.
Капиталистік қоғамның
Артықшылығы осы.
Ұмыт болды деген сөз
Адам адамның досы.
Саналы сарғайды,
Сабырлы тозды.
Шалмайтын шалғайды
Делебелер қозды.
Нарық деп сабылып,
Ақшаға табынып,
Ақыры адамнан
Алаяқ озды.

01.03.1997жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері