Кім өтпеген бұл өмір – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кім өтпеген бұл өмір» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Кім өтпеген бұл өмір,
Қара да өткен, хан да өткен.
Ұлы атанған жандар да
Еңбекпен мақсатқа жеткен,
Ақылы, парасатымен
Айналған ісі мәндіге.
Аттары қалды артында
Өлмес болып мәңгіге.
Әркімге нәсіп болмаған
Бұйырған талайы асқанға,
Пәндәлықтың тек шегі жоқ,
Әркімнің көңілі аспанда.
Өмірден соның бәрі өтті,
Бәрі де ұжмақ-дәметті.

07.05.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері