Сен жанымда жүргенде – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Сен жанымда жүргенде» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен жанымда жүргенде
Өмір маған өлшеусіз көрінетін.
Тоқ кезім от сезімге семіретін.
Сезбеппін көлеңкеде күндер барын
Жанымды күбірткідей кеміретін.
Сен жанымда жүргенде
Қылпықтай қонбаушы еді көкейге мұң,
(Дертімнің уақыт қана өтейді емін)
Өзіңмен ере кетіп еркелігім,
Ес жиып бір-ақ күнде есейгенім.
Сен жанымда жүргенде
Бақыт та серік еді маған анық,
Бүгін менің күйімді қарадан ұқ.
Сенсіз сауыт кимеген сарбаздардай,
Қалады екем тым жылдам жараланып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері