Жақсысың десем, шыным – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақсысың десем, шыным» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Жақсысың десем, шыным.
Жақтасым етейін деп тұрғаным жоқ.
Әрі алшы, әрі тәйке түсіп,
Лайлыққа көңілімді бұрғаным жоқ.
Ондай әдетім жоқ мүлде,
Тура айтам айтарымды.
Сайқалсып кеп, сыр тартпақшылар
Ит қосқандай боп сан қайтарылды.
Сиқырсып үйіме келетіндер де бар
Өткелден өткенінше,
Сұрқия сиқыр күлкімен
Келді де кетті өзінше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері