Сорлы құстар қайтыңдар – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Сорлы құстар қайтыңдар» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 546
Сорлы құстар қайтыңдар,
Сарыала қаздар сағынышымды айтыңдар.
Быт-шыт боп кетті
көкірегімдегі күн – елес,
Быт-шыт боп кетті
қарашығымдағы ай тұлғаң.
Көзімде мұңды, көкірегімдегі дертімді,
Кеудеме сақтап күрсіндім айдай көркіңді.
Сұлбасыз, сұрсыз сұр тұмандардың ішінен,
Сұрқыңды көріп қол ұсындым.
Елес екенбіз, қақырап кеткен қабырғам.
Қос шырақ тағып маңдайға інжу-лағылдан.
Жаралмышымның жазуын оқып аларсың,
Сағым жылдардың
сары жапырақтарына жазылған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері