Өлең, жыр, ақындар

Балқаш

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1240
Александр Затаевичтің «Балқаш» деген әніне арнап

Кешегі құлан өтпес бұл батпақ шөл,
Көрмеген орын теуіп мекендеп ел,
Ормансыз, бетегесіз, сусыз, құмсыз,
Үйіріп қу топырағын есетін жел.
Бұл күнде сол шөлейтке орнады құт,
Жері гүл, шөлі бұлақ, қайнаған жұрт,
Гулеген гудок ұрған күрс-күрс балға,
Салынған сансыз сарай, завод, фабрик
Балқашымда қайнады
Қалайы, темір, алтын, жез,
Балқаш кені таусылмас
Бейне тасқын бұлақ көз,
Талай миллион жыл тұнған
Бұлақ саулар туды кез.
Бұлақты ағыз, жұмыскер,
Кәне, тез-тез-тез, тез!
Балқаштың қорғасын, жез, темірлері,
Ең молы, Одақтың бар жеріндегі,
Тілейтін заводтарым азықтанса,
Күн санап, күші артып кеңір енді.
Кен болса машиналар қаптағаны,
Аяққа ескі өмірді таптағаны,
Одақтың қатарында Қазақстан
Тұрмысқа социалистік аттағаны.
(Әннің қайырмасы)
Қазақстан орташа мен кедей, жалшы,
Байынан күні кеше жесе қамшы, 
Өндіріс жұмыскері болып бүгін,
Аттанды тап жауы деп байға қарсы.
Еңбекшісі бауырласып қосып басын,
Айырды кімнің досын, кімнің қасын,
Қолында Ленин туы. Коммунизм
Жолына қойды түгел ықласын.
(Әннің қайырмасы)
Көсемің алдыңдағы Компартия,
Сен соның жолымен жүр, ер артына.
Сол ізбен екпіндете іс істесең,
Лениннің орындалмақ бар шарты да.
(Әннің қайырмасы)

1932 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балбөпе

  • 0
  • 0

Күңшаш, Күңшаш болғалы,
Күңшаштың атын алғалы
Күл-көмірмен бірге есті.
Жабағы шаш, ірің көз,

Толық

Малшының мақтанышы

  • 0
  • 0

Мал!— Сен менің серігім едің жастан,
Сенің даусың — азаным құлақ ашқан,
Мен бесікте жатқанда, лақ пенен
Қозының арасында маңырасқан.

Толық

Құланың құны

  • 0
  • 0

Сұлудай қызыл шырай бітіп таңға,
Алтынды ну сәулесін шашып маңға,
Ойын сап жан иесі бар мақұлық,
Жерде құрт,

Толық

Қарап көріңіз