Күннен күшті большевик

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 829
Күштісі күштілердің күшті алтын күн,
Жыл бойы: нелер миллиард, миллион, мық,
Ұршықтай айналдырып бар әлемді
Келеді бар дүниеде оған тең кім?
Сонымен жарысуға большевик біз,
Дәл биылдан ілгері он жеті күз,
Бел байлап, социалды шарт жасадық,
Біздің ұшқыр күніміз — партиямыз.
Тексеріп, қорытқанда, биыл шартты,
Қайраты большевиктің, күннен де артты.
Немене артқаны емей, күн қай кезде
Жоспардан артық күшпен жүгін тартты?
Жер қашан, 360 күннен бұрын,
Асыра орындады жоспар жылын?
Әлемде большевик-ақ, бесті төртте
Бітірген, қиындықты көрмей жұғын.
Адам түгіл, әлемнен түгел озып,
Озған сайын жалындай қайрат қозып,
Бәйгені күшті күннен біз әкеттік
Қолымызды жер түгіл күнге созып!

1934


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күннен күшті большевик өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Күннен күшті большевик өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күннен күшті большевик өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күннен күшті большевик өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері