Бұзауым – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Бұзауым» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1803
Mө, жануар бұзауым!
Бұзаушығым, мөңіре.
Өсірейін, бөпешім,
Шөп берейін жеміңе.
Қасиыншы әукеңді,
Кел, бұзауым, келе ғой.
Анаң да тұр аңырап,
Алам саусын, еме ғой.
Үйің жайлы, жылы екен,
Жат, бұзауым, деміңді ал!
Сыпырайын астыңды,
Жұмсартайын, жануар.
Құм ызғарлы қатты аяз,
Шықпай-ақ қой далаға.
Қыстай өссең, марқайсаң,
Жаз ерерсің анаңа.

1934

− Мәриетай деген пионердің сұрауымен жазылған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері