Жасырып әуре болмашы – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Жасырып әуре болмашы» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Жасырып әуре болмашы,
Көзiңде тұр ғой бәрi де.
Сезiммен iштей жауласып,
Қатайып жүрсiң әлi де.
Ұнатар ерке елтудi,
Құштарлық бiрден неге өлсiн...
Көнгiсi келмес еркiңдi,
Билеуге сондай шеберсiң.
Келiп жүр болғың жатқа құт,
Аппақ күн туғай алдыңнан...
Өзiңнен артық бақ-бақыт,
Сұрамас едiм тағдырдан.
Өмiрдiң дәмiн татарсың,
Зәру боп ашық сырласқа.
Сыртыңнан маған қаталсың,
Iшiңде бiрақ үн басқа.
Арал ма өзге мекенiң...
Тыншымай тұр-ау безбенiң.
Жаныңның мендiк екенiн,
Айтып тұр, әнi, көздерiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері