Ертең бiздiң өлкенi қар басады – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Ертең бiздiң өлкенi қар басады» атты Есей Жеңісұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Ертең бiздiң өлкенi қар басады...
Бар тiршiлiк аппақ боп жалғасады.
Алатаудың басында қара бұлт,
Түнерiп, отыр құрып малдас, әнi...
Көктемгiдей жоқ мүлде ұшпа желiк,
Қалтырап тұр дүние құштары өлiп.
Терезенiң сыртында жылайды күз,
Мезгiл тағын қаһарлы қысқа берiп.
Қыстың осы нелiктен тар қабағы?
Сап тыйылып торғайдың таңдағы әнi,
Күздiң жасын – қыз жасын бүркемекке,
Ертең бiздiң өлкеге қар жауады.
Күнде жылу қалмаған, айда – шырақ,
Қыс келедi қар болып жаймашуақ.
Ертең бiздiң өлкенi қар басады,
Алты ай бойы жатпақшы жайласып ап.
Қара жолды қалдырып панасына,
Қасарысып бағады ағашы да.
Мойындайды... ұлпаны төге салып,
Өтiп жатқан жандардың жағасына.
Ертең бiздiң өлкенi қар құшады,
Басқа әлем боп оянып таңғы сәрi.
Бар айнала бүрiсiп, дiрдектейдi,
Қирап, сынып қалғандай мәңгi сағы....
Ертең бiздiң өлкеге қар жауады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері