Іздерім жатыр

Бұл бетте «Іздерім жатыр» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Заманым құйын құбылған,
Көкейден жырым құйылған.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр шұбырған.
Заманым желдей зырлаған,
Болмысты талай жырлаған.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр шырғалаң.
Заманым арқан кесілген,
Кер заман кетпес есiмнен.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр есілген.
Заманым бөрі құтырған,
Әккiлер ғана кұтылған.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр ұтылған.
Заманым қайық теңселген,
Кем түспес жырым семсерден.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр еңсерген.
Заманым аптап, қапырық.
Тұра ма сірә шақырып
Даламның жазық төсінде,
Іздерiм жатыр қапылып
Заманым көпір, қалтарыс,
Тұтылу, яки жалтарыс
Даламның жазық төсінде,
Іздерiм жатыр арпалыс
Заманым желек шектелген.
Үңгiрге бейне кептелген.
Даламның жазық төсінде,
Іздерiм жатыр текті өлген.
Заманым күңгірт елестей,
Бақытсыз ұрпақ тең өспей
Даламның жазық төсiнде,
Іздерiм жатыр жел еспей
Заманым бүрге шағатын.
Таусылмас менiң тағатым.
Даламның жазық төсiнде,
Іздерiм жатыр табатын
Заманым тентек, төбелес
Пенделер бұны елемес.
Даламның жазық төсiнде,
Іздерім жатыр көбі елес.
Заманым түйе боталап,
Жүретін әркез жоталап.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр шоқалақ.
Заманым жұмбақ жұтылған,
Тағдырым қақпан құтылман.
Даламның жазық төсiнде,
Іздерім жатыр шытырман.
Заманым дауыл шаңдатқан,
Менi де талай сандалтқан.
Даламның жазық төсінде,
Іздерiм жатыр қан қатқан.
Заманым асқар алынбас,
Жасыңды текпе қарындас
Даламның жазық төсінде,
Іздерiм жатыр шалынбас.
Заманым үйiрiм, тұңғұйық,
Кеудеме жатыр үн құйып.
Даламның жазық төсінде,
Іздерiм жатыр құм жиып.
Заманым тоғай жайқалған.
Өтірік жат, айта алман.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр шайқалған.
Заманды бірақ сөкпеймін,
Көзімнің жасын төкпеймін.
Даламның жазық төсінде,
Іздерім жатыр, көктеймін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздерім жатыр өлеңінің авторы кім?

Шөкімов Сағибек — осы өлеңнің авторы.

Іздерім жатыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздерім жатыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөкімов Сағибек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздерім жатыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері