Жапырақ

Бұл бетте «Жапырақ» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 596
Жаз дәурені азайып қалғасын ба
селдіреген жапырақ тал басында
Жер-ананың қойнына жөнелді, әне,
шайқалақтап ауаның арбасында...
Алыс тартып, азайып жігер-қызық,
сар түсінен сарала жыр өргізіп,
жапырақтар қоштаса қол бұлғайды,
жаз-әлемнен біржола күдерді үзіп.
Жапырақтар...
сары ала жапырақтар..,
әрбіріңде қаншама жатыр ақпар!?
Күнің өтіп барады-ау...
күнің өтіп,
шашу болып соңғы рет шашырап қал...
Жапырақ тал басында селдіреген —
жаңа ғана бүр жарған өндір өлең.
Жаз қызуы жасартып кетіп еді,
күз қазаны қуырып, солды денең...
Топырақтан қайта орнап сән басыңа,
айналарсың тіршілік жалғасына.
Жер ананың қойнына жөнеле бер
отырып ап ауаның арбасына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақ өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері