Бақташы зары – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Бақташы зары» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Тұрып таудың басында,
Сайға төніп қарадым.
Мұндай қиын асуда,
Сүйенгенім таяғым.
Қойларымның соңынан,
Итімді ертіп жүгірдім.
Тас қиядан, шоғырдан
Өттім әрең, сүріндім.
Бәйшешекке толқынды,
Қызықтым да қарадым.
Жұлдым, бірақ сол гүлді,
Алып кімге барамын?
Дауыл менен жауыннан,
Кәрі терек қорғады.
Таныс есік жабылған,—
Көрген түстей сол-дағы.
Күркіресе, жай өтсе
Сол үй тұсы жарқылдар.
Кетті сәулем келмеске,
Кім бар енді зар тыңдар?
Сол сүйіктім жоғалған,
Жат өлкеде жүр білем.
Шәй-шәй қойым, бас жылдам,
Мұң арқалап жүрмін мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақташы зары өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Бақташы зары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақташы зары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақташы зары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері