Жыр сыры – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Жыр сыры» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Жырда қандай нақыл бap,
Күші неде, анықта?
Ұғып соны ақындар,
Мақұлдасын халық та.
Махаббатың лебімен,
Әуелі жыр шалқысын.
Тәтті үнге төгілген,
Наз жүректер балқысын.
Содан соң жырда бал шырын,
Жақұттай бір жайнасын
Елтіп соған ғашығың
Жарыса бір сайрасын.
Содан соң ата салтымыз,
Бас, батырлық айғайға,
Тәңір тұтқан халқымыз
Жеңген ерді майданда.
Ақыры, отты жүрекпен
Қарғыстап бар сұмдықты,
Жырлайық ізгі тілекпен
Барлық ғажап шындықты.
Шықсын осы төрт әуен,
Баяғыша жаңғырып,—
Хафиздей сонда болып сен,
Елің сүйер мәңгілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері