Сот алдында – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Сот алдында» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 555
(1775—1776)

«Кім екенін мен сендерге айтпаймын,
Қалсам да одан жүкті боп»:
«Түуһ, салдақы-ай!...»—
Өйтіп жала
жаппаңдар:
Жазығым менің тіпті жоқ.
Айтпаймын мен ғашығымның атын да,
Пейілі қандай, мейірі,
Жыртық қалпақ болсын тіпті басында,
Алтын бау тақсын, мейілі.
Төземін азап, мазаққа,
Мойындап бәрін, шыдаймын.
Мен оны білем, ал — мені,
Біледі өзі құдайдың.
Поп, саған айтам; сот, саған:
Өз балам — өзім туамын!
Күнаһарсың деп оттаған
Сендерге осы-ақ жауабым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері