Сезімің – Мерей Қартов

Бұл бетте «Сезімің» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Сезімің
суалды деп сезіктен бе,
Сөз боратпа,
мен жайлы кезіккенге
Өр мінезге,
тәкапар басыңды иіп,
Өмір сүр
тағдырыңа төзіп, көн де!

Албыртпыз
асаулығы басылмаған,
Жанар ғой
жабыққанды жасырмаған
Суыт жүрсем
салқын деп қабылдама,
Абаданым
келді деп асыл маған.

Көркіңнен
айналайын гүл өңдестім,
Өмірде
тығырыққа тірелмес кім?!
Елегізіп
еркем-ау елеңдеме,
Түн ішінде
ерттелсе күрең бестім.

Бұзбашы
мен келгенде іреңіңді,
Жайып шық
саусағы бар жүрегіңді
Тілсіз неге
тудың деп тергемеші,
Таң ата
терлеп келген күреңімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері