Әнші қыз – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Әнші қыз» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2373
Махаббаттың нұрындай –
Саумал көлден салған ән,
Жол-жөнекей бұрылмай,
Шарықтап жетер шалғайдан.
Машықты, өктем, ен дұрыс
Үдете түсед екпінін.
Ләззат пен сезім тел қабыс,
Тапты ма әлде тек бүгін.
Тебірентед, қиял теңізін
Мәуелі ләззат – мұңсыз ән.
Қайталап тағы тек өзің
Салшы сәулем, салшы жан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері