Нән қаланың тұрғыны

Бұл бетте «Нән қаланың тұрғыны» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 540
Естілетін сирек күйдің күмбірі,
Ысы қою нән қаланың тұрғыны.
Сөзіңізде керуеннің сыңғыры,
Сіз де өлеңге айналарсыз бір күні…

Құмға аунаған баладайын кір басқан,
Көшесінде көлік ағар тынбастан.
Таптаған соң сан тағдырлы табандар,
Едендердің жүгі ауыр зіл батпан.

Өзгелердің үні басым жасқаған,
Бұл қалада естімейсің асқақ ән.
Өкпелейсің соқпай кеттің неге деп,
Барғанымды есіп қойып басқадан.

Шырақтарға қарап үнсіз ойланып,
Жүргендерді сіз бе деймін бой жазып.
Тыншымайтын теңізінде адамның,
Жүрсіз бе есен бір ноқатқа айланып?!

Ертелі-кеш тұра шауып дүрліккен,
Жұртқа ілесіп асығасыз кім күткен?
Біздің жаққа неге тартып кетпейсіз,
Қажығанда абыр-сабыр тірліктен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нән қаланың тұрғыны өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Нән қаланың тұрғыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нән қаланың тұрғыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нән қаланың тұрғыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері