Қақ бөлініп өтуде біздің өмір

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Ауылдан аттану,
Көздерін көлдерімнің жаудыратып,
Сүйегін тауларымның саудыратып,
Ауылдан мен аттанғам.
Құба белдер,
Бүк түсіп,бүктетіліп қалды жатып!

Терілмей туған жердің гүлі қалды,
Қурайда сыбызғының үні қалды.
Қайыңдар қайта-қайта бас шайқасып,
Сырғасын сыңғырлатып тұрып алды!

Құстар да үркіп ұшты бет-бетімен,
(Несіне жетіскеннен кесте тігем?!)
Толқындар тамшыларын сыртқа шашпай,
Булығып жылап жатты екпетінен...

Батты ма жандарына кететінім,
Достармен бірге өтті неше түнім.
Туған жер неге сырмақ болмады екен,
Кештетіп сүйреп алып кететұғын!

Бала боп бабам сайран салған далам,
Əкемді құндағына алған далам.
Шешеме бәрінен де ауыр тиді,
Болуды көз алдында армандаған...

Ілесе шықты артымнан қалмай бауыр,
Біртіндеп қала берді шалғайда ауыл.
Аттанған елден жалғыз бұл сапарым,
Салмағын жүрегіме салмай ма ауыр?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қақ бөлініп өтуде біздің өмір өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қақ бөлініп өтуде біздің өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қақ бөлініп өтуде біздің өмір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қақ бөлініп өтуде біздің өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері