Алатаудың басында асыл бөрік – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Алатаудың басында асыл бөрік» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 884
Аспаннан ағытылды қара шөлмек,
Ақ қар жіпсіп жатқандай дала терлеп.
Жасыл шырша ақ сырға таққан кеше,
Біртіндеп ғайып болды тамаша өрнек.

Қатал қыстың байқалды келтелігі,
Қалайша сезбегенбіз рете мұны.
Қысынан жазы басым болған соң ба,
Алматының бітпейді еркелігі.

Кім бар дейсің жазмышты бұзып көрген,
Сүйек қақсап қарт тұрар сызып төрден.
Шыршалардың мойнынан су аққызып ,
Аспан ғой тамашалап қызық көрегн.

Күн кербез шықты енді қасын керіп,
Шөлмегіңді аспан қыз жасыр берік.
Алатаудың басында асыл бөрік,
Ала алмайды ешкім де бәсін беріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері