Мен кім едім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 893
Тамшысы едім Қанас дейтін көлдің мен,
Жаршысы едім Ағажайдай елдің мен.
Бабалардың көздерінің қарасы ем,
Атажұртқа жете алмай телмірген…

Өрнегі едім шебер салған зердің мен,
Шыққан гүл ем Алтай дейтін зеңгірден.
Мейірімге балқитұғын тасы едім,
Ат басындай алтын шыққан жердің мен!

Елім-ай деп ән қалдырып шер күннен,
Қанды тағдыр оттарымды сөндірген.
Көздерінен ыршып түскен жас едім,
Қылша мойнын қылыш кескен ердің мен!

Мен сәбидің дауысы едім шулаған,
Бұрым едім көмусіз қап қураған.
Мен Ертістің толқыны едім құл болған,
Ұлды көріп басыла алмай тулаған!

Сүйектердің көш бойына шашылған,
Көптігіне шүбаланбан шашымнан.
Шырт ұйқыдан оятады кей түні,
Бір үн келіп өтіп кеткен ғасырдан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен кім едім өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мен кім едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен кім едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен кім едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері