Өлең, жыр, ақындар

Ерке өлең

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Несіне жанбас кезде өртенемін?
Бейнетпен ақ қағазға тер төгемін?
Сен үшін ғұмыр кештім қақ бөлініп,
Басыма шығып кеткен ерке өлеңім!

Арбалып магниттей жыр күшіне,
Сыр ашпай сеннен басқа бір кісіге.
Мен қызықтым ұйқастың өрнегіне,
Қыз қызықса киімнің үлгісіне.

Қалмай қойған қасымнан жанасалап,
Ала алмадың жел сөзден арашалап.
Өзің билеп еркімді алған кезде,
Жүрді өзгелер сыртымнан тамашалап.

Қосылмай әуеніне сауық тойдың,
Қасында мұңы бардың қалып қойдым.
Сен маған бір сезімді жырлаттырып,
Жалғастыра бергенде.
Жауып қойдың.

Басқаға сірә сендей қанықпаспын,
Сенімен бірге есейдім, қалыптастым.
Сен мені бір арманға талпындырып,
Жетемін дей бергенде.
Алып қаштың!

Деген ем бақытымнан кешікпеспін,
Сағыныш жайлауына көшіп кеттің.
Жандардың мені күткен арасында,
Қалсам деп ем…
Тағы да өтіп кеттің.

Жолыққанда өзіңмен мөлдір едім,
Одан бетер жыр жазып мөлдіредім.
Сезімі тым секемшіл адам түгіл,
Ағашқа да, құсқа да.
Елжіредім.

Көрдім бірге сенімен жел өкпегін,
Түсіп алып алдыңа дедектедім.
Мойныма алғаш еркелеп асылғанда,
Қайтарып жіберуім керек пе еді?
Ерке өлең!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан

  • 0
  • 0

Қапалақтап қар да жаусын,
Жаңбыр да ұзақ сіркіресін.
Толастамай дауыл соқсын,
Күн де ұзақ күркіресін..

Толық

Неге аға жыладың

  • 0
  • 0

Неге аға жыладың жылатты кім,
Тауды теңіз басқандай бұлақты құм.
Сырлы ыдыстан мезгілсіз төгілмейтін,
Қағып кетті оқыстан сынапты кім?

Толық

Жанған жұлдыз!

  • 0
  • 0

Жанған жұлдыз!
Көз біткенді қарықтыр,
Шомсын әлем сәулелерге алып бір.
Ғасырда бір туылатын бірегей,

Толық