Мұңаймауға тырыс дейсің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мұңаймауға тырыс дейсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Мұңаймауға тырыс дейсің,
Көзімде жас күліп қайтем?
Саған барар жолдар жабық,
Хал – жайыңды біліп қайтем?

Кеудең сырға толғанменен,
Есігіңде құлып қайтем?
Іште ақ боран ұлып тұрса,
Сауық-сайран құрып қайтем?

Кемерінен кеме көшкен,
Жағалауда тұрып қайтем?
Көңілді бір көншітпеген,
Мына өмірді сүріп қайтем?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері