Кір түсірсең көңілге – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кір түсірсең көңілге» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Бақшасынан бақыттың,
Ұшып келген кептердей,
Уысынан уақыттың,
Шығып келген көктемдей.

Тау көтерер қасыма,
Бір тау әкеп еккендей,
Күннен күнге биіктеп,
Бара жатсың көкке өрлей.

Білгің келсе жайымды,
Қайың қыздан сырымды ұқ.
Қарағайлар кәдімгі,
Тәңір берген шымылдық.

Алты ай бойы қар басып,
Жататұғын өлкеде.
Оттың емес адамның,
Мейіріміне жылындық.

Тауда отырған біздің жұрт,
Тағы тауға көшеді.
Адам түгіл малы да,
Таза жерге өседі.

Кір түсірсең көңілге,
Қалай сені сағынсам,
Солай ұмытып кетуге,
Дәрменім де жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері