Қымыз көңіл – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қымыз көңіл» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Шақтарыма қош айтысып мұңайған,
Кешіп жүріп зорға шыққам мың ойдан.
Сағыныштың сары шекпенін лақтырғам,
Салар дейсің жүрекке деп кім ойран.

Алаңсыз кез қайтып келді қайтадан,
Бақтар маған бақыт жайлы айтады ән.
Жаңа құйған кеседегі қымыздай,
Көңілімді сен кім едің шайқаған?

Көзіңдегі күлкі ме екен, жас па екен,
Жаның сенің жалғандыққа қас па екен.
Қымыз көңіл шайқалмас ед кеседе,
Қолдарымды неге діріл басты екен?

Қалған сырды көкірегіме сақтасам,
Жөн болар ау осы жерден тоқтасам.
Шығуға енді жете бермес дәрменім,
Мың бір ойдың ортасына тастасаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері