Мезгіл емес – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мезгіл емес» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Тұрғызды таң.
Тәтті ұйқымды тартып ап,
(Көкейімде өзің жайлы сан сұрақ)
Жапырақтар тереземе төнеді,
Болар болмас желемікке қалтырап.

Дәптерімде жатушы едің жырым боп,
Кешір қайың саған айтар сырым көп.
Кешіріңдер жапырақтар жүрегім,
Қалтырайды сеннен бетер дірілдеп.

Ары-бері жүріп алдым сенделе,
Елегізем бір әуенге мен неге?
Теңселудің білмеуші ме ең азабын,
Ей желемік жапырақты тербеме!

Жалт қаратып назарымды бұрғызған,
Кеш болғанда сәлем жолдап жұлдыздан.
Бебеулетіп маза бермей жүрекке,
Мезгіл емес сен ұйқымнан тұрғызған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері