Өлең, жыр, ақындар

Астанам

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Есімің жатқа күйік болғаны үшін,
Бәйтерегіңнің биік болғаны үшін.
Табанға бізді таптағысы келген,
Зұлымның жолы тұйық болғаны үшін,
Сүйемін сені Астана!

Күмбезің көзді қарықтырғаны үшін,
Шырағың мәңгі жанып тұрғаны үшін,
Боздақтарымды желтоқсанда өлген,
Аязың еске салып тұрғаны үшін,
Сүйемін сені Астана!

Арқада сайран құрғаның үшін,
Өзіңе ғашық қылғаның үшін,
Басқалар шыққан биік мінбеден,
Қандасым сөйлеп тұрғаны үшін,
Сүйемін сені Астана!

Иманға ұйып тұрғанын төрдің,
Елбастар көсем болғанын ердің,
Екі дүниеде арман жоқ менде,
Есілге елдің қонғанын көрдім.
Астана.

Атқарар істің байламы сенде,
Ұл менен қыздың қаймағы сенде,
Сәулет біткеннің ажары сенде,
Алты Алашымның айбары сенде,
Астана.

Келіп кетемін іззетімменен,
Кеудеме сен деп түлетіп өлең,
Өзіңді қорғау керек болса егер,
Бір даңғылыңды күзетіп өлем.
Астана!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш болып кетерсің

  • 0
  • 0

Шаршаған кешкі көшемен,
Бозарып жалғыз келемін.
Осы бір көше, осы өзен,
Елесін күннің көремін.

Толық

Қысылғаннан есім шығып

  • 0
  • 0

Қысылғаннан есім шығып,
Ұялғаннан жандым ба.
Ақ желекті жапты біреу,
Қауым елдің алдында.

Толық

Сен мен үшін өлген күн

  • 0
  • 0

Болды ақыры сен мен үшін өлген күн,
Тағдыр дейтін төрешіге көнген күн.
Өзі отырған үй орнына жерленген,
Жамбыл сынды жүрегіме жерлендің.

Толық