Қоңыр мұң – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қоңыр мұң» атты Мағиза Құнапияқызы жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Кешке жақын баспалап кеп қоңыр мұң,
Көрпеге емес қоңыр ойға көмілдім.
Аңдып тұрып сен келмейтін мезгілді,
Бассалғанын сездің бе сен, не білдің?

Қайдан табам?
Қанатымды талдырып,
Кімге сеніп кеттің жалғыз қалдырып?
Көк сандыққа телміріп ем ғашықтар,
Жұптасып жүр сайран салып, сән құрып.

Көк сандықтан жан көрмедім жабыққан,
Мынау күйді бар деймісің жан ұққан.
Тұңғиыққа батып кетпей тұрғанда,
Жарқ етіп бір көрінсеңші балық таң!

Болсам ба екен жалыныңа жанып күл,
Бүйткеніңше жылатып кет, қамықтыр.
Күрең шайды құйып алып ішпедім,
Ошағымда көгілдір от жанып тұр…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері