Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 462
Әр табаны тиген жерді гүл басқан,
Ұлық пен де кішік пен де мұңдасқан.
Жыр көгінде жарқырадың жұлдыз боп,
Түнеріп ап жатқан кезде түнгі аспан.

Тап келсе де қилы-қилы заманға,
Жырлап өткен шабысынан тынбастан.
Сәттібайдың жайлауында сәтті күн,
Туылған ұл мұзбалақ боп шыңды асқан.

Көкке өрледің айтыс сайын дес бермей,
Әріптестен ұсқын кетіп сұр қашқан.
Таза маржан лағыл жырды ағыттың,
Көңіліңді кездері жоқ кір басқан.

Жолбарысты жүгендеген киелім,
Намазға ұйып шариғатты бұзбастан.
Егілсең де елмен бірге егілдің,
Соғыс жылдар.
Жұрт көңілін мұң басқан.

Атқандығын көрмей кеттің мына таң,
Азат бүгін бар қазақта бір Отан.
Екі дүниеде мекен болған басыңа,
Жырмен сәлем беріп тұрмын жыр-атам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз түйір жапырақ

  • 0
  • 0

Сені күткен секунттарым жатты өліп,
Әрбір сәтті отырушы ек қақ бөліп.
Жапырақтай діріл қаққан жанымды,
Қалғысам ғой алақанға сап беріп!

Толық

Қырсығады екем

  • 0
  • 0

Мазасыз ойлар сен келсең сап тынады екен,
Қасыма менің кідіріп бақ тұрады екен.
Әуре болып несіне келдің дегенмен,
Көңілім сені көргенді жақтырады екен.

Толық

Саған қайта айланып келем бе шын

  • 0
  • 0

Саған қайта айланып келем бе шын,
Жылдар жылжып дүние көнергесін.
Құзар шыңнан құлдилау қиын боп тұр,
Биікте емес үйткені төмендесің.

Толық

Басқа да жазбалар