Өлең, жыр, ақындар

Қаракемер

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 335
Биікке мойнын созып есі кеткен,
Аспанның көкірегін тесіп өткен,
Емес ол.
Жатағандау қазан тауды,
Біздің жұрт әлмисақтан бесік еткен.

Мұжылған өркештері желге берік,
Беретін жасыл шалғын белге көрік.
Дәу ұста шебер қолмен жасағандай,
Қазан тау жатыр әне дөңгеленіп.

Барған жан келбетіне баға берер,
Керегін табиғаттан ала берер.
Қазанның кемерінде шағын қыстақ,
Ежелден аталатын Қаракемер.

Жақсы ғой қоныс тепкен жерге биік,
Тұратын мен мұндалап кербез иық.
Қазантауды киіз үй деп қарасаң,
Сандықтай бұл жер қойған төрге жиып.

Тау өзен еңіске құлай аққан,
Жапырағын теректің сылай аққан.
Су тапшы Қаракемер қыстағында,
Өзеннен сүт пысырым жерде жатқан.

Қарсы алып ызғырығын жел өтінің,
Мұндағы ел бұған дағы көнетұғын.
Өзеннің қалың мұзын ойып алып,
Шанаға тиеп алып келетұғын.

Қайламен мұз оюдан ерінбейтін,
Кездескен қиындыққа берілмейтін.
Мұз тасыған кісімен аттың үсті,
Қатып қалған қыраудан көрінбейтін.

Суық лепті өзіңмен ілестіріп,
Әрбалаға бір мұздан үлестіріп.
Зорға жетер құлашың қалың мұзды,
Ауыз үйге жиғызад сірестіріп.


Ауыл ішін береке аралайды,
Басқа жерді мұндағы ел қаламайды.
Шағын үйді жылтуға отағасы,
Күн-түн қатып тасиды қарағайды.

Аспан анау жұлдызын жымыңдатқан,
Зират анау қыстақтан қырын жатқан.
Біздер едік шөлдесек мұзды ойып ап,
Тоңғанда қарағайды жығып жаққан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Телефон күту

  • 0
  • 0

Естен танды қиялым да,
Жайылмады қанаттарым.
Тілдеспейді ол бүгін маған,
Тезірек өт сағаттарым.

Толық

Құйттай ғана құлыным

  • 0
  • 0

Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,

Толық

Түн еді

  • 0
  • 0

Түн еді келе жаттық ыйықтасып,
Шашыммен жел ойнайды тійіп қашып.
Сол түнде келе жаттық тек екеуміз,
Даламенен қаланы ұйықтатып.

Толық

Қарап көріңіз