Жаһұт сөзің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жаһұт сөзің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1726
Жаһұт сөзің жан сарайын толтырып,
Көрген жандар қызықтайтын көркіңе.
Мен де ақымақ өзімше бір жол сызып,
Жүрегінің бағынбайтын еркіне.

Ертеменен елегізіп оянам,
Тәтті ұйқымның қалған дәмін таң ішіп.
Ауыздықтап жүрегімді алысқан,
Қалады ылғый екі қолым қарысып.

Тағы сені елемеген болдым мен,
Өкінішке толтырып ап кеудемді.
Басқа жаққа мені әкетті жол бірден,
Жаһұт сөзің бірте-бірте өзгерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері