Құлазытып құс қайтар жылы жаққа – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Құлазытып құс қайтар жылы жаққа» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 921
Қайда қоям шу асау жүрегімді,
Мұңаюды үйреткен түнеріуді.
Жасыл өңін күз ішкен жапырақтай,
Сорып бітті сағыныш іреңімді.

Қайда қоям тап-таза тілегімді,
Көп көтеріп талдырдым білегімді.
Қара ертістің суына тастасам ба,
Үзген күні өзіңнен күдерімді.

Құлазытып құс қайтар жылы жаққа,
Күзде шықпас бұлбұлдың үні бақта.
Қысқа ғұмыр таусылар тілегімді,
Толқын ғана жалғайды тым ұзаққа.

Елеске еріп есімнен тандырғандай,
Қысқа түннің түсіне қалдым қанбай.
Елжіреген қайтейін көңілімді,
Дір-дір еткен судағы балдырғандай!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері