Гүл бар ма мен теретін – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Гүл бар ма мен теретін» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Гүл бар ма мен теретін құба белде,
Жатыр ма мені күтіп бұла көл де?
Құдай-ау шексіз сүйетіндігімді,
Қойып ем қашан айтып мынау елге?

Сағыныш санам толған сыртым аман,
Жан едім жан жүрегі шырқыраған.
Асығыс өре салған бұрымымнан,
Шықты ма жусан ійсі бұрқыраған?

Тақпайды кйелі епге кінәні адам,
Өкпелеп пенделерге жылап алам.
Тамшылар көзден тамған қойды ма айтып,
Бір кезде кеткендігін бұл арадан?

Гүл барма мен теретін құба белде?
Жатыр ма мені күтіп бұла көл де?
Құдай-ау шексіз сүйетіндігімді,
Қойып ем қашан айтып мынау елге?І


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері