Биікпін саған кейде мен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Биікпін саған кейде мен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 955
Биікпін саған кейде мен,
Иіліп саған көргем жоқ.
Аласамын, сен жайлы,
Сезімді әлі жеңгем жоқ!

Алыстамын үйткені,
Тым жырақ кеткем қасыңнан.
Жақындамын, жүрекке,
Өзіңді ғана жасырғам.

Кінәлімін,кетерде,
Өзіңді іздей бармадым.
Кінәсізбін, сен үшін,
Адасты талай арманым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері