Сені көрдім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сені көрдім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 749
Сені көрдім қасыңнан қыр көрінді,
Сол қырқаға назарым мың бөлінді.
Білесің бе арман боп басқаларға,
Аласарып сен үшін жүргенімді.

Ойыңнан көл көзіңнен күн көріппін,
Бірге шалқып қуансаң түрленіппін.
Басқаларға кітаппын оқылмаған,
Сен үшін бір бағалы күнделікпін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері