Ұйқассыздық

Бұл бетте «Ұйқассыздық» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 904
Мына ескі сарайды құстар мекендейді.
Бөренелер ежелгі сәнін еске салғанымен,
Өрмекшінің торы өткенін шимайлап тастаған.
Кептер мен қарлығаштың қауырсындары
Дөдегелердің қуысынан жерге түседі.

Оларды жел баяу қалқытып,
Белгісіз қиырларға ұзатып салуды шешкендей.
Сары ауыз балапандар шиқылдап,
Жем іздеп кеткен аналарын күтеді,
Тіршілік бәрінен қымбат.

Аңқиған есіктер мен терезелер
Бізге әлдебір қимас көзбен сыр шерткендей,
Бірақ олар емес, біз солай қиялдаймыз.
Жел кеулеген жақпардан ішке үңілсең
жүрегің лоблиды,
Саңғырыққа толы босағаны аяйсың.

Қираған пештің қалқасында өскен
сарғыш саңырауқұлаққа күйе жұқпаған.
Мүк басқан ағаштар жаңбыр суымен көгеріп,
Еден тақтайлары иесіз қалудың не екенін паш еткендей…

Бәлкім бізге жұмық көздерімен қараған марғаулармен тілдесерміз,
Олар бұрыштар мен қуыстар жайлы ертек айтар.
Шырмауық ораған жетім гүлдердің аянышты халіне назар салма,
Бәрібір біз құтқара алмаймыз…

Көзіңе жас алма, інім, кері қайталық.
Анамыз алыс сапарға шықсаңдар,
Арттарыңа бұрылмаңдар дейтін.
Бұл ұғым өшпестей мөрленген.

Біз туған үйдің
Біз тұрған үйден әлдеқайда ыстық екенін сезбейді қазір ешкім,
және ешкім біздің әулет тарихын баяндап бере алмайды.
Ол – тек біздің шежіре, көкірегімізге жерленген…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқассыздық өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Ұйқассыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқассыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқассыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері