Ырым Тоқтарәлі Таңжарық – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Ырым Тоқтарәлі Таңжарық» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Бармашы, жақындамашы отқа,
Қараңғы түкпірде жағылған.
Билейді Ол ана бір жақта,
Үй тігіп сағымнан...

Бармашы, жақындамашы суға,
Ішпеші дұғасыз.
Батырар бағзы бір мұңға
Қарашығыңды күнәсіз.

Бармашы, жақындамашы жарға,
Алакеуімде... кешкі.
Жақпарға ұя сап қарға,
Түнейді ешкі...»

От жағып отырып пешке,
Айтқан бұл әжемнің сөзі.
Ештеңе түймеппін еске,
Жадымда жабырқау көзі.

Мен қанша ойнадым отпен,
Өзім тамызып.
Жібердім жылдарды өткен,
Суға ағызып.
Түнедім басында жардың!..

Жеңілдім!
Жеңді!
Мінеки, тек жалғыз қалдым.
Бәрі кеш енді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ырым Тоқтарәлі Таңжарық өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Ырым Тоқтарәлі Таңжарық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ырым Тоқтарәлі Таңжарық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ырым Тоқтарәлі Таңжарық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері